Панавир® (200 мкг)

МНН: Полисахариды побегов Solanum tuberosum
Производитель: ООО "Альтфарм"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противовирусные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022370
Информация о регистрации в РК: 16.06.2021 - 16.06.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Панавир®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қынаптық суппозиторийлер, 200 мкг

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді зат – Панавир® (Salanum tuberosum өркендерінің полисахаридтері) 200 мкг,

қосымша заттар: полиэтиленоксид 1500 (макрогол 1500), полиэтиленоксид 400 (макрогол 400).

Сипаттамасы

Жартылай мөлдір, конус тәрізді немесе цилиндр түріндегі, сұрғылт-ақ түсті суппозиторийлер.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолданылатын вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсерлі вирусқа қарсы препараттар. Басқадай вирусқа қарсы препараттар.

АТХ коды J05AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың фармакокинетикасы оның химиялық шығу тегіне және дозаларының әсер етуінің төмендігіне байланысты зерттелмеді.

Фармакодинамикасы

Негізгі әсер етуші заты - глюкозадан, рамнозадан, арабинозадан, маннозадан, ксилозадан, галактозадан, урон қышқылдарынан тұратын гексоздық гликозид. Панавир® препараты вирусқа қарсы және иммунмодуляциялаушы дәрі болып табылады. 1 және 2 типтердегі қарапайым герпес вирустарына қатысты вирусқа қарсы әсерге ие. Организмнің түрлі инфекцияларға спецификалық емес төзімділігін жоғарылатады және интерферон индукциясына ықпал етеді.

Қолданылуы

- әйелдердегі генитальді герпесте (кешенді емде)

Қолдану тәсілдері және дозасы

Қынап ішіне. Қынаптық суппозиторийлерді кешке қынапқа 5 күн бойы 1 қынаптық суппозиторийден күнделікті, аяқты аздап бүгіп шалқасынан жатқан күйде барынша тереңге енгізеді. Дәрігермен кеңескеннен кейін қайта емдеу курсын жүргізуге болады.

Жағымсыз әсерлері

Емдік дозада препарат жақсы көтерімді.

Сирек:

- аллергиялық реакция

Қандай да бір жағымсыз әсерлер пайда болса препарат қолдануды тоқтатып, дәрігерден кеңес алу керек.

Егер сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерлер байқасаңыз бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілікте, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

- бүйректің, көкбауырдың ауыр патологиясы

Айрықша нұсқаулар

Урогенитальді реинфекцияның алдын алу үшін жыныстық серіктестерді бір уақытта емдеу қажет.

Әсер болмаған жағдайда диагнозды растау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайы тіркелмеген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлорид үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада, пішінді ұяшықты қаптама мемлекеттік және орыс тілдерінде медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2 С-ден 25 С-ге дейінгі температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Альтфарм» ЖШҚ

Ресей, 142073, Мәскеу обл., Домодедовский ауданы, Судаково ауылы, «Лесное» д/ү

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ұлттық Зерттеу Компаниясы» ЖШҚ

Ресей, 301404, Тула облысы, Суворовский ауданы, Варущицы ауылы, 104 үй

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Шамсун» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050052, Алматы қ-сы, Тепличная к-сі 12/16, 1 пәтер

тел: 8(727) 239-19-59 e-mail: AAmanzholov.Shamsun@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

862731401477976132_ru.doc 45 кб
782167721477977473_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники